№15 Қалалық емханасында «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне байланысты еліміздің деңсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлестерін қосқан және көп жылдық жемісті еңбектері үшін ведомствалық марапаттарға иеленген медицина қызметкерлері құрметтелді:
Акушерка Жұмалина Жайнагүл Саматқызы - "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен мараппаталды;
Учаскелік медбике Саломатина Юлия Алексеевна - "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен мараппаталды.
Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін — жіті инфекциялық ауру. Инфекция көзі - ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар.
Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.
Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден катты бас ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит және т.б. сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет, және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу тудырған организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай туындаған кезде менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.
Бұл ішкі секреция бездеріне, ең алдымен сілекей бездеріне әсер ететін вирустық инфекция.
Инфекция көзі - науқастар мен вирустың тасымалдаушылары.
Берілу жолдары: ауа тамшылары арқылы, науқаспен ауру клиникасы пайда болғанға дейін 1-2 күн бұрын және оның алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін 3-9 күн ішінде тығыз байланыста болған кезде.
Паротит белгілері:
Паротиттің алдын алу: