Құрамында темекі және никотин бар өнімдерді тұтынудың алдын алу

Темекіні пайдалану өлім мен жұқпалы емес аурулардың алдын алуға болатын негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Жыл сайын 8 миллионнан астам адам темекіден қайтыс болады, оның ішінде 7 миллионнан астамы темекіні тікелей тұтынумен байланысты, ал 1,3 миллионға жуық темекі шекпейтіндер қайталама темекі түтінінің әсеріне ұшырайды.

Әлемде темекі шегудің ең көп таралған түрі - темекі шегу. Темекі өнімдерінің басқа түрлеріне кальян темекісі, сигаралар, сигариллалар, қыздырылған темекі, өздігінен бұралған темекі, биди және критек, сондай-ақ түтінсіз темекі өнімдері жатады.

Репродуктивті денсаулық

Репродуктивті денсаулықты қалай сақтауға болады?

Репродуктивті денсаулық - бұл репродуктивті жүйеге қатысты барлық салаларда аурудың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы.

Репродуктивті денсаулықты сақтау ережелері:

АПВ-ға қарсы вакцинация неліктен вакцинаны алу керек?

АПВ (адам папилломасы вирусы) – бұл әртүрлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойынының немесе аногенитальді аумақтың) терісіне және шырышты қабықтарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына әкеледі.

АПВ-ның 200-ден астам типі бар, жоғары онкогенді қауіп ретінде ең кемінде 14 тип белгілі.

АПВ жұқтырған адамнан организмнің инфекция түскен терісімен, шырышты қабықтарымен немесе сұйықтықтарымен тікелей жанасу арқылы беріледі. АПВ вирусы адамнан адамға мынадай жолдар арқылы беріледі:

1) тұрмыстық жанасу жолы арқылы;

2) жыныс жолы арқылы;

3) босанған кезде тікелей берілу жолмен;

4) өзіне-өзі жұқтыру жолымен.

Өмірдің қандай да бір сәтінде 10 ер мен әйелдің 8-ге жуығы АПВ инфекциясын жұқтырады. АПВ 25 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі.

Ерте жасында (9 жастан бастап) вакцинациядан өоткен адам АПВ-ның обырды тудыруы мүмкін онкогенді қаупі жоғары тиртерінің көпшілігінен қорғалады.

Организм иммундық жүйеге АПВ инфекциясымен күресуге көмектесіп пайда болатын антиденелер арқылы вакцинаға жауап береді.

АПВ-ға қарсы вакцина АПВ типтері тудыратын инфекцияны болдырмауда 100 %тиімді болып табылады.

Энергетиктер - бұл 3-4 сағатқа созылатын уақытша күштер мен жүйке жүйесінің қозуын тудыратын сусындар

Энергетиктер - бұл 3-4 сағатқа созылатын уақытша күштер мен жүйке жүйесінің қозуын тудыратын сусындар.

Кофеиннің артық дозалануы жүрек айнуы мен құсуды, жүрек соғуының жоғарылауын, аяқ-қол тартылуын, қан қысымының жоғарылауын және кейбір жағдайларда тіпті өлімді тудырады.

Энергетиктерді жиі тұтыну екінші типтегі қант диабетіне әкеледі, тіс денсаулығын нашарлатады, семіздікке, неврологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларына қауіп төндіреді, сонымен қатар бүйрек тастары мен сүйек проблемаларына – остеопорозға әкеледі.

Энергетикалық сусындардың денсаулыққа әсері: