24.10.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Жатыр мойны обыры" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ акушер-гинеколог Баранбаев С.О. болды.
Барлық қатысушыларға медбике Каирбекова А.Б. қан қысымы мен қантты өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекенжайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне Алимова С.Б., каб. 117 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), хабарласыңыз.