1) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес бекітілген халыққа отбасылық денсаулық орталығында, үйде бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету;
2) аурулардың ерте және жасырын түрлерін және қауіп факторларын анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру;
3) жіті және кенеттен ауырған, жарақаттанған, уланған және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;
4) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
5) санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс - шараларды жүзеге асыру;
6) халықты денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне оқыту;
7) жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің азаматтарды стационарларға, шипажайлық-курорттық емдеуге жатқызуға жіберуі;
8) рецептерді жазып беру, оның ішінде тегін (жеңілдікпен) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
9) жүкті әйелдерді есепке уақтылы қою және оларды қадағалау;
10) жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің ересектер мен балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетуге азаматтарды жіберуі;
11) науқастардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығын сараптау;
12) қызмет көрсетілетін халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
13) емдеу-диагностикалық және профилактикалық көмектің жаңа әдістері мен әдістемелерін игеру және енгізу;
14) дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар;
15) қызмет көрсету аумағының халқына шақырудың 4-санатына шұғыл медициналық көмек көрсету, орта медициналық қызметкер мен жүргізушілерді шұғыл медициналық көмек көрсету техникасына оқыту.