Бүгін, 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен белгіленді.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің негізгі мақсаты - барлығына психикалық денсаулық проблемаларын еске түсіру және психикалық денсаулықты нығайтуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру.
Психикалық денсаулыққа байланысты стигма мен кемсітушілік - бұл психикалық ауытқулары бар адамдардың қоғамға толық қатысуына кедергі келтіретін көрінбейтін қабырғалар. Бұл қабырғалар мектептерде, жұмыс орындарында, мемлекеттік мекемелерінде және тіпті үйлерде бар.
Психикалық ауруларды кемсіту мен стигматизациялауды тоқтату барлық мекемелердің, әсіресе психикалық ауытқулары бар туыстарымен бірге тұратын адамдардың қатысуын талап етеді. Стигма мен кемсітушілікті жеңудің ең тиімді шарасы - психикалық денсаулық туралы хабардарлықты арттыру және психикалық денсаулық туралы білімді арттыратын заманауи бағдарламаларды енгізу.
10-29 жас аралығындағы жастар жалпы практика дәрігерінен, психологтан, әлеуметтік қызметкерден, акушер-гинекологтан, заңгерден тегін кеңес ала алады, сондай-ақ №15 Қалалық емхана "Ниет" Жастар денсаулық орталығында АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алады