223/2020 бұйрығы, 6-тармағы, 14-тармақшасы бойынша тамақтан улану кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі:
1) құсуды шақыра үшін зардап шегушіге кемінде 3-4 стакан су мен калий перманганатының қызғылт ерітіндісін ішкізу;
2) асқазанды шаюды бірнеше рет қайталау;
3) зардап шегушіге белсендірілген көмір беру;
19.07.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Холестерин және оның адам ағзасындағы рөлі" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ кардиолог дәрігері Есеева К.А. болды.
Барлық қатысушыларға медбике Каирбекова А.Б. қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекенжайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне Алимова С.Б., каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), хабарласыңыз.
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.
Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретінін айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:
1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);
2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);
3) колоректалдық обырға скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).
Төлем жасамас бұрын, мәртебеңізді және соңғы 12 айдағы төлемдердің болуын тексеріңіз. Мұны Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyruBot арқылы немесе eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.
Үзінді көшірмеде сіз әр ай үшін төлемдерді жеке-жеке көресіз. Егер сізде бірнеше төленбеген ай болса, сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.
Егер сізде ешқандай төлем болмаған жағдайда, онда алдыңғы жылдың барлық ақысын төлемеу үшін 12 ай бұрын жарна салған тиімді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша биылғы жылы 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өтті.
Жоспарлы вакцинациялауға жұмыстары аурудың табиғи ошақтарында болумен байланысты және аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі болып табылатын орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты адамдар жатады.
Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.
Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды.
Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар.
Кене энцефалитін жұқтыру негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда орын алады.