«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысына өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес:
МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасы азаматтары (одан әрі - азамат) және оралмандарды тіркеу тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орны бойынша, дәрігерді, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтар және оралмандар тек МСАК ұйымының біреуіне ғана тіркелуі мүмкін. МСАК ұйымына бекіту азаматтын және оралманның өзіндік өтініші негізінде жүзеге асырылады.
МСАК ұйымына тіркеу еркінше толтырылған өтініш және жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.
Азаматтарды және оралмандарды МСАК ұйымдарына тіркеу тіркелген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
МСАК ұйымына азаматтарды және оралмандарды тіркеу өзгерістері мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тұрақты немесе уақытша мекен-жайын, жұмысын немесе оқуын ауыстырған кезде
2) МСАК ұйымы қайта құрылған немесе тараған кезде;
3) азаматтардың және оралмандардың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жылына бір рет ауыстырылады.
Азаматтарды және оралмандарды МСАК ұйымына бекіту кезіндеолардың өтініштеріне сай, бұрынғы бекітілген МСАК ұйымынан шығару тұрғындарды бекіту регистрі (ТБР) арқылы автоматты түрде қамтамасыз етеледі.
МСАК ұйымына «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта бекіту кезінде бұрынғы МСАК ұйымынан автоматты түрде шығарылады.
Азаматтың және оралманнның МСАК ұйымына бекіту кезіндегі таңдауда, аймақтық қызмет көрсету принципы есептеледі, азамат басқа қала аумағынан, медициналық ұйымынан бекітілуі кезінде, азамат үйде қызмет көрсету мүмкіндігін талқылауға құқылы (патронаж, үйге шақыру, үйге активтер және т.б.), емхана құрылымы, дәрігерлік амбулатория аумақтық принципінде негізделгендіктен, бекіту анықтамасы (талон) көрсетеділеді және алдын ала қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы»№ 1263 Қаулысы.