Қазақстанда 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы жоспарлы вакцинациялау басталғандықтан, №15 Қалалық емхананың қызметкерлері №86 мектептің 5 - сыныптарының ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Вакцинация мектептерде, ерікті негізде, ата-аналардың ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
HPV инфекциясы жатыр мойны обырының дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады және бүкіл әлемде әйелде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде төртінші орында. Ал Қазақстанда сүт безі обырынан айырылған екінші орын. Вирустық инфекциядан құтылудың ең сенімді жолы-HPV-ге уақытында егу.