АПВ

АПВ - инфекциясы тұрмыстық - байланыс арқылы, тік және жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған инфекция болып табылады.

Жас адамдардың шамамен 80% -ы өмірінің белгілі бір кезеңінде жұқтыруы мүмкін.

АПВ - ға қарсы екпе жасау жатыр мойны обырының даму қаупін азайтады.

Ашық есік күні өтті

2024 жылғы 6 қыркүйекте Отбасы күнін мерекелеу аясында №15 Қалалық емханада балаларға арналған Ашық есік күні өтті.

Балалар педиатр, невропатолог, офтальмолог, хирург, ЛОР дәрігері және психологтан кеңес алды.

Әлемдік деңгейде АПВ вакцинасы өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді

АПВ - ға қарсы вакциналар бірқатар елдерде тиімді екендігін делелдеді. Мысалы, АҚШ - та вакцина енгізілгеннен кейін 11 жыл өткен соң 13-26 жастағы әйелдер арасында АПВ таралуы 81% - ға төмендеді.

Маймыл шешегі

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру, қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару).

Инкубациялық кезең - 5-тен 21 күнге дейін созылады. Адамдарда клиника жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуымен сипатталады.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге бейім.

Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер).

Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5 жағдай тіркеледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5-тен астам жағдай тіркеліп, диагноз қойылады және күн сайын 2 әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады. Жатыр мойны обыры гинекологиялық патологияда сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр.

90-95% жағдайда жатыр мойны обырының даму себебі онкогендік типтегі адам папилломавирусы – 16 және 18-інші түрлері екені дәлелденді.

80-95% жағдайда жатыр мойны обыры әйелдердің жас, әлеуметтік белсенді, бала туу жасында, яғни 20-45 жаста анықталады.