20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін (Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күні) елде ЮНЭЙДС «дұрыс жолды таңдаңыз - адам құқықтары жолы» ұранымен науқан өтеді. Әр адамның құқықтарын сақтау АИТВ-ға тиімді жауап берудің негізі болып табылады. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын сақтауға шақыру күні.
Жыл сайын елімізде АИТВ-ның байланысқа дейінгі профилактикасын жақтаушылардың саны артып келеді, ол өткен жылы бес мыңнан биылғы жылы 11 мың адамға дейін болды. БДП немесе PrEP - АИТВ-сыз адамдар оны үнемі қолданған жағдайда АИТВ-ның берілуін болдырмаудың тиімді әдісі.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу науқаны аясында 14.11.24. "Ниет" ЖДО Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп №83 мектеп - гимназиясының 10-11 сынып оқушыларымен семинар – тренинг өткізді, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.