Назар! Сауалнама!

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

http://m.egov.kz/survey/

Назар! Балаларға арналған Ашық есік күні өтеді

Балалар жылын жүзеге асыру аясында №15 емханасы "Сенім-А" ЖШС-мен бірлесіп 19 және 20 мамырда Ашық есік күнін өткізеді.

Өтетін орны: Мүсірепов, 10б

таңғы 9-дан 19: 00-ге дейін.

Балаларға тексеру жүргізіледі:

  • Лор дәрігері
  • Офтальмолог
  • Хирург
  • Стоматолог
  • Невропатолог


Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

8 700 737 77 69

Гюзель Юнусжановна

 

Промышленный кентінің белсенділерімен кездесу

№15 ҚП директоры эпидемиолог-дәрігермен және СӨС дәрігерімен "Промышленный"кентінің белсенділерімен кездесті. Олар вакцинацияның маңыздылығы мен скринингтен өту туралы айтып, халықтың барлық сұрақтарына жауап берді.

Республикалық референдум

Қазақстанда 40 оңалту орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіруді жүзеге асырады

БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ФАКТІЛЕРІ:

Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 8 жаңа заманауи оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 17 ерте араласу орталығын (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашу күтілуде.

Соңғы екі жылда қалпына келтіру емі және оңалту төсектерінің саны 2 есеге артты (2575-тен 4216-ға дейін).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11 560 бала қалпына келтіру емінен өтті.

Сондай-ақ, амбулаториялық оңалту белсенді дамуда: 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтті.