Damumed қосымшасы

Емхана сіздің дербес деректерді редакциялады, бірақ қосымшада әлі ескі деректер көрсетіле ме?

Дербес деректер Бекітілген халық тіркелімінен тікелей тартылатынын айта кетейік, оларды тек сіздің емхананың тіркеу бөлімі ғана өзгерте алады.

Аты-жөні, мекенжайы, байланыс нөмірі ауысқан кезде оларды Damumed қосымшасында өзектендіру үшін келесі нұсқауды орындау керек:

 

«Басқа» қойындысын ашыңыз;

Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы тегершікті басыңыз;

«Профиль деректерін жаңарту» батырмасын таңдаңыз.

Нұсқауды орындағаннан кейін деректер сәтті өзгеруі тиіс. Егер өзгермесе, онда қайтадан өзіңіздің емханаға немесе +7 775 007 0350 нөмірі бойынша біздің Пациенттерді қолдау қызметімізге хабарласыңыз.