Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Біздің қызметкерлеріміз референдумға №91 мектепте байқаушы ретінде қатысу үшін оқудан өтті.
Референдумға дайындық аясында біздің емханада түсініктеме сұхбаты өткізілді.
2022 жылдың 5 маусымында Президенттің жарлығымен тағайындалған ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Референдумға қатысуға 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары құқықты.
Референдум азаматтардың өз ықтиярымен қатысу, еркін ашық білдіру, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, тікелей және жасырын дауыс беру ұстанымы бойынша өткізіледі.