Егер сіз жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер болмасаңыз және тұрақты табысыңыз болмаса, сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тәуелсіз төлеуші ретінде қатыса аласыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сіздің төлеміңіздің мөлшері ай сайын 3 мың теңгені немесе 1 ЕТЖ-нің 5% - ын құрайды.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте 2022 жылдан бастап қатерлі ісіктерге күдікті пациенттерді тексеру мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін "жасыл дәлізді" енгізу туралы медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова баяндады.
"Қатерлі ісік диагнозын қою кезінде пациенттердің диагностикалық қызметтерге қол жетімділігін арттыруға, пациенттің бағыты бойынша мерзімдерді сақтауға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, мамандардан кеңес алу және амбулаториялық жағдайда қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру "жасыл дәліз" бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі", - деп атап өтті ҚР ДСМ штаттан тыс онкологы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Жанғарашева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында ведомствоның онкологиялық аурулармен күресудің жаңа Кешенді жоспарын әзірлейтінін хабарлады.
"2022 жылы онкологиялық аурулармен күрес бойынша қолданыстағы Кешенді жоспарды іске асыру мерзімдерінің аяқталуын ескере отырып, келесі бес жылға арналған жаңа кешенді жоспар әзірлеу жоспарлануда. Жаңа кешенді жоспарға диагностиканың алдын алу, мамандандырылған емдеу, паллиативтік көмек және оңалту сияқты барлық бағыттар бойынша онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар енгізілетін болады", - деп хабарлады МКҰД.