Алдыңғы жазбада біз гипертония мен бүйрек аурулары арасындағы байланыс туралы әңгімелестік. Сонымен, нефрологқа жүгінудің тағы бір себебі – гломерулярлық сүзу жылдамдығы сынағы (скорость клубочковой фильтрации - СКФ). Бұл бүйректің жұмысын дәл көрсетеді. Биохимиялық қан анализіндегі креатинин деңгейін анықтау негізінде гломерулярлық сүзу жылдамдығы бағалауға мүмкіндік беретін арнайы формулалар бар. Олар амбулаториялық тәжірибе үшін ең ыңғайлы.
Гломерулярлық сүзу жылдамдығы төмендеуі қан сарысуындағы креатининнің «қалыпты» мәндерінде де байқалуы мүмкін. Сондықтан креатинин деңгейін анықтауды арнайы формула бойынша жасалатын есептеуімен толықтыру қажет.
Гломерулярлық сүзу жылдамдығы төмендеуі нефрологтың кеңесіне нұсқау болып табылады.
Нефролог пен урологтың әртүрлі дәрігерлер екенін ұмытпаңыз!