Қазақстандағы балалар арналған екпелер

Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу. Екпелердің дүркінділігі, ықтимал жанама әсерлер және екпелерден бас тарту кезіндегі қауіп туралы осы материалдан біле аласыздар.

Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған  міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн.

Жақында кене белсенділігі маусымы келеді

Жақында кене белсенділігі маусымы келеді. Бұл кезеңде кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары. Ол жедел вирустық инфекция орталық және перифериялық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін және оның асқынулары параличпен және тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.
 
Кене белсенділігі сәуір-қыркүйек айларында болады, ал жоғары қауіп маусым айына келеді. Жылу басталысымен елорда тұрғындары табиғат аясында демалады. Ал Ақмола облысы, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар, кене энцефалиті бойынша эндемиялық қала қатарына кіреді. Аурудың алдын алу үшін бірнеше ережелерді сақтау керек.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ЕСЕПКЕ ТҰРУДАН БАСТАП БОСАНУҒА ДЕЙІН НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

Ана мен бала денсаулығын қорғау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт және Мемлекет басшысының қатаң бақылауында тұр.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексте жүкті әйелдің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Бұл, ең алдымен, өз денсаулығын және әлі туылмаған баланың денсаулығын қорғауға, жүктілік кезінде, босану кезінде және одан кейін медициналық көмекке құқығы.

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ТОП 7 СҰРАҚ

КТ – бұл қазіргі заманғы диагностиканың ең тиімді және дәл жасалынатын әдістерінің бірі болып табылады, ол дененің зерттелген аймағының көлемді бейнесін алуға мүмкіндік береді және қалыпты рентгенографияда анықталмайтын ауытқуларды анықтай алады.

Науқаста КТ жасау үшін тиісті денсаулық көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда зерттеу МӘМС есебінен жүргізіледі.

МӘМС ЕСЕБІНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК: КІМДЕР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК АЛАДЫ

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • I, II, III, IV топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
  • ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I - топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.