Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі

2024 жылғы 25-26 қазандағы мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі:

№15 Қалалық емханада Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша сағат 08:00 – ден 20:00-ге дейін кезекшілік, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін сүзгі кабинеті ұйымдастырылады.

Тіркеу телефоны: 87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64).

Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде

24.10.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Жатыр мойны обыры" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ акушер-гинеколог Баранбаев С.О. болды.

Барлық қатысушыларға медбике Каирбекова А.Б. қан қысымы мен қантты өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті тұрғындар!

Р.Қошқарбаев даңғылы, 43 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емхананың филиалы ашылғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Бұл филиалда: эндокринолог дәрігер (ересектер мен балалар), аллерголог дәрігер (ересектер мен балалар), травматолог дәрігер (балалар), невропатолог дәрігер (ересектер), уқалаушы (ересектер мен балалар), маммолог дәрігер, онколог дәрігер, геронтолог дәрігер, күндізгі стационар, емшара бөлмесі (ересектерден қан алу), стат бөлімі қабылданады.

16 қазан - дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні

Бүгін 16 қазанда медициналық қауымдастық Дүниежүзілік анестезиолог күнін атап өтеді. Құрметті анестезиологтар, реаниматологтар және анестезистер мереке құтты болсын! Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, түнгі кезекшіліктеріңіз, бірнеше сағаттық операцияларыңыз бен әрбір пациентке көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби биіктер тілейміз!

№13 орта мектебінде сабақ өтті

№15 Қалалық емхананың қызметкерлері №13 орта мектебінде «Жедел респираторлы вирусты инфекция» және «Дос болайық бәріміз» тақыптары бойынша сабақ өткізді, 60-тан астам 4 - сынып оқушылары қатысты.