Балалар жарақатының алдын алу

Балалар жарақатының түрлілігіне қарамастан, оларды тудыратын себептер қарапайым. Ең алдымен, бұл - қоршаған ортаның абаттандырылмауы, немқұрайлылық, ересектердің балаларға жеткіліксіз қарамауы, тұрмыста, ойын кезінде, спортта баланың абайсыз іс-әрекеті. Балалардың жарақат алуына олардың психологиялық ерекшеліктері де әсер етеді: білуге құмарлық, көп қозғалғыштығы, көңіл-күйі, өмірлік тәжірибенің жоқтығы, қауіпті сезіну сезімін жоғалтуы.

Әрине, балалар жарақатын толығымен жою мүмкін емес – қайғылы жағдайдан ешкім сақтандым дей алмайды! Бірақ ата-аналардың міндеті – балаларды қауіп-қатерден мейлінше толық сақтау. Өйткені, көп жарақаттар ата-ана кінәсінен орын алады.

Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру сіздің қолыңызда. Осыған орай бірнеше ұсыныстар бар: балаларды терезе/москит торы, ашық балкон есігінің жанында қараусыз қалдырмаңыздар; баларларды қосулы тұрған электр арқылы жылу беретін техниканың (үтік, электр шәйнегі, су қайнатқыш, плита, қысқа толқынды пеш және т.б.) жанында қараусыз қалдырмаңыздар; балаларды ваннада, бассейінде шомылып жатқанда, шипалы монша кешендерінде, ашық су қоймасына түскенде қадағалаңыздар; балаларды, үйде, көшеде және хайуанаттар бағына барғанда жануардың жанында жалғыз қалдырмаңыздар; 3 жасқа толмаған балаларды қоршалмаған төсекте, диванда қалдырмаңыздар; ұсақ (түйреуіш, жапсырма шеге) заттарды жұтып және олардың мұрнына, құлағына кіріп кету қаупінің алдын алу үшін балаларға бермеңіз және оларды қол жетпейтін жерде сақтаңыздар; тұрмыстық қажетті химиялық құралдарды (жуатын, тазалайтын заттарды, жәндіктерге және т.б. қарсы құралдарды), дәрі-дәрмекті, сірке суы эссенциясы, сіріңке, электр құралын, қадалатын, кесетін құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, оларды қолдану ережесін бұзбаңыздар; бекітуді талап ететін кітап сөрелерін, теледидар тіреуішін және басқа техникалардың қауіпсіз бекітілуін қамтамасыз етіңіздер; электр розеткасынан арналған қорғаныс қақпағын қолдаңыңыздар.

Ата-ана болу - зор бақыт және үлкен жауапкершілік, Өзіңіздің балаңыздың балалық шағын қауіпсіз етіңіз!