Туберкулез – туберкулез микобактериясынан туындайтын және әртүрлі органдарда, бірақ көбінесе өкпе тінінде бір немесе бірнеше қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың негізгі белгілері:
Екі аптадан астам жөтел, дене қызуының жоғарлауы, кеуденің шаншуы, ентігу, жүдеу, тәбеттің жоғалуы, түнде тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау.
Бұл белгілерді өзіңізден немесе жақындарыңыздан байқаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз!
Туберкулез ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі – жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау, ол өмірдің 3-5 күнінде жасалады және туберкулезден қорғайды, балалар ағзасының туберкулезбен ауыру ықтималдығын бірнеше есе азайтады.
Туберкулездің таралуын болдырмайтын негізгі шаралардың бірі – науқастарды ерте анықтауды ұйымдастыру, ол тәуекел тобындағы балаларға жыл сайынғы туберкулин диагностикасын және ересектер арасында флюорографиялық тексеруді жүргізу кезінде жасалады.
Бүкіл халық арасында туберкулездің алдын алудың негізін ағзаның қорғанысын арттыруға бағытталған шаралар: рационалды және уақтылы тамақтану, темекі шегуден және ішімдіктерді асыра пайдаланудан бас тарту, дұрыс жұмыс тәртібін сақтау, салауатты өмір салтын ұстану құрайды.