С.М.Такеева өзінің еңбек жолын №15 Қалалық емханада 2018 жылдың сәуір айында №1 учаскеде жұмыс істей бастады, міне 4 жыл осы учаскеде қызмет атқарып келеді.
“Ақмарал Абдрахмановна және Улпан Айдарбекқызы медбикелерім менімен бірге қызмет атқара бастады. Біз учаскіге бірге келдік", - деді ол.
Осы дәрігер мен медбикелердің арқасында № 1 учаске мінсіз жұмыс істейді және әр түрлі көрсеткіштер бойынша әрдайым бірінші орын алады сонымен қатар № 15 Емхананың ең үлгілі учаскесі атағына ие. Мұнда 1630 пациент бақылауда.