Естеріңізге сала кетейік, КВИ – ден және коронавирустық инфекцияның барлық зардаптарынан қорғау вакцинация болып табылады.
Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдардың 20% 12 аптаға немесе одан да көп уақытқа созылатын ұзақ мерзімді симптомдардан зардап шегеді.
Пандемияның 2 жылы ішінде постковидтік симптомдар арасында келесілер тіркелді:
– иіс сезу қабілетінен айырылу және иіс пен дәмнің бұрмалануы;
– семдіретін әлсіздік;
– шаш пен тістің түсуі, сондай-ақ жақ қуысында кистозды түзілістер пайда болуы; ентігу;
– бас ауруы және буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну сезімі;
– қысым мен тамыр соғысындағы күрт өзгерістер;
– дене қызуының ұзақ уақыт бойы көтерілуі немесе түсуі;
– асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және іш өту;
– бөртпе, есекжем немесе капиллярлық тор түріндегі тері реакциялары.
Постковидтік симптомдардың ең кең таралғандарының бірі – когнитивтік функциялардың бұзылу. Есте сақтау және жұмыс жасау қабілеттерінің төмендеуіне қоса кеңістікте бағыттан адасу, ұйқының бұзылуы, асқан үрейлілік пен байбалам салу (паникалық шабуыл) орын алуы мүмкін.