01.03.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар №15 ҚЕ эндокринолог дәрігері Ж. К. Мырзағалиевадан кеңес ала алды.
Сондай-ақ, медбике А.К. Абденбаева қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Құрметті қазақстандықтар!
Еліміз үшін мейірімділік, достық және бір-біріне деген сүйіспеншіліктің жарқын мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын!
Алғыс айту күні – еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ тарихымызға деген тағы бір құрмет көрсету мүмкіндігі.
Көктемнің алғашқы күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа бақ-береке және Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы табысты әрі жемісті еңбек етуіңізге тілектеспіз!
Бүгін, 29 ақпан бүкіл әлемде әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін сирек немесе орфандық аурулар күні ретінде атап өтіледі.
ДДҰ деректері бойынша сирек кездесетін аурулардың таралуы Жер халқының шамамен 7%-ын құрайды, Қазақстанда 100 мың халыққа шаққанда 50 жағдайдан артық болмаса, патология сирек болып саналады.
Бүгінгі таңда диспансерлік есепте орфандық аурулары бар 46 038 пациент тұр, оның ішінде 12104-і бала. Қазақстанда орфандық аурулардың тізбесінде 66 ауру тобы бар.
Орфандық аурулары бар пациенттер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда барлық мамандандырылған медициналық көмекті алады.
Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Вакцинаны ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында, 2024 жылдың күзінде, Қазақстан Республикасының мектептерінде толығымен тегін алуға болады.
Жоғары онкогенді қауіпті адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы. Жатыр мойны обырының 97%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Бүгінде жатыр мойны обыры дамушы елдердегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі.
Жатыр мойны қатерлі ісігі еш симптомсыз өтуі немесе жыныс жолдарынан кез келген қалыпты емес бөлініс, іштің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсыну орын алуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, вакцинаның қорғау мерзімі ұзаққа созылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, екпенің иммуногенділігі вакцина енгізілгеннен кейін 10 жыл ішінде төмендемеген. ДДСҰ бұл вакцинаны қауіпсіз және тиімді деп бекітті.
2024 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін туберкулезге қарсы күрес айлығы басталады, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар кешені өткізіледі. Бұл күннің ең маңызды міндеті - барлық тұрғындарды біз айтып отырған мәселе әрқайсымызға әсер етуі мүмкін деп шақыру, сондықтан акцияның сәттілігі әр адамға байланысты. Біз өзімізден, өмір салтымыздан бастаймыз. Біріншіден, профилактикалық тексеруден өтіп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысу керек. Ең бастысы: аурудың алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Бүгінгі таңда туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезбен ауыратын адамдар басқаларға қауіп төндірмей, сапалы, жарқын, толыққанды өмір сүре алады.