26.06.2024 ж. репродуктивті денсаулық апталығы аясында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының жоғарылауы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу қажеттілігі туралы хабардарлығының төмендігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған №15 Қалалық емхананың "Ниет" Жастар денсаулық орталығының қызметкерлері №57 және №13 мектептердің жоғары сынып оқушыларына сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.