Онкологиялық ауруларға скрининг

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:

1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);

2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);

3) колоректалдық обырға скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).

 

2024 жылы Қазақстанда жатыр мойны обырының даму себебі болып табылатын адам папиллома вирусына (HPV) қарсы ерікті вакцинациялау басталғанын естеріңізге сала кетейік. 11 жастағы қыздар тегін вакцинация ала алады.

Обырмен күресте әр адам үшін скринингтік тексерулерден уақтылы өту маңызды екенін әрдайым есте ұстаған жөн, ерте диагноз өмірді сақтайды.

Сіз Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емханада 132 кабинетте скринингтік тексеруден өте аласыз.

Тіркеу телефоны:

87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60).