223/2020 бұйрығы, 6-тармағы, 17-тармақшасы бойынша суға батқан кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі:
1. ойланып, сабырлы және абайлап әрекет етіңіз;
2. көмек көрсетуші өзі жақсы жүзіп және сүңгуі керек, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі керек, оны қармауынан босатылып шығуды білуі керек;
3. жедел жәрдемді немесе дәрігерді шұғыл шақыру;
4. мүмкіндігінше ауыз бен жұтқыншақты тез тазалау (ауызды ашу, түскен құмды алып тастау, тілді абайлап тарту және ұштарын бастың артқы жағына байлайтын таңғышпен немесе орамалмен иекке бекіту);
5. тыныс алу жолдарынан суды кетіру (зардап шегушіні ішіне тізесін бүктіріп, басы мен аяғын төмен қарай салбырату; арқасын ұрғылау қажет);
6. егер суды кетіргеннен кейін зардап шегуші ессіз жай-күйде болса, ұйқы артерияларында пульс болмаса, дем алмаса, жасанды дем беруге және жүректің сыртқы массажын жасауға көшіңіз. Тыныс алу толық қалпына келтірілгенге дейін жүргізу қажет немесе дәрігер жариялайтын өлімнің айқын белгілері пайда болған кезде тоқтату;
7. тыныс алуы жана санам - есі қалпына келгеннен кейін үстін орап, жылытып, ыстық қою кофе, шай ішкізу қажет;
8. дәрігер келгенге дейін толық тыныштықтықты қамтамасыз ету қажет.
Дәрігер келгенге дейін, тіпті әл-ауқаттың жақсаруы айқын болса да, зардап шегушіні жалғыз қалдыруға (назардан тыс қалдыруға) болмайды.