Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Жіті ішек инфекциясы дегеніміз не? Жіті ішек инфекциясы - асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен және интоксикациямен өтетін жұқпалардың үлкен бір тобы. Науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар – жұқпа көзі болып табылады, жұқпа қоздырғыштары тағам, су, тұрмыстық-қатынас жолдары арқылы таралады.
Жұқпа қоздырғышының адам ағзасына түскеннен кейін, аурудың белгілері басталғанға дейінгі уақыт, бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. Әдетте, сырқаттанушылық кенеттен басталады. Сырқаттанған адам дене қызуының көтерілуіне, қалтырау, іш қуысында ауру сезіміне шағымданады. Сондай-ақ, бас ауру, әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің болмауы қатар байқалады. Науқаста жиі құсу және іштің өтуі белгілері дамиды.
№15 Қалалық емхана қызметкерлері «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер» форумына қатысты. Форумның салтанатты ашылуы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті.
Форум барысында қала құрылысының өзекті мәселелері және олардың өсу мен инновацияның негізгі орталықтары ретіндегі қазіргі жаһандық әлемдегі рөлі талқыланды:
1). "Қалаларды цифрлық трансформациялау: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар";
2). "Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде";
3). "Болашаққа бағытталған қала құрылысы";
Шомылу маусымы кезінде ішек инфекцияларының және басқа да жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша сақтық шараларын уақтылы қабылдау өзекті мәселе болып табылады.
Осыған сүйене отырып, сау және жақсы демалу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:
1) Ашық су айдындарының суы ішуге жарамсыз, сондықтан мұндай сумен жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жуу ұсынылмайды;
2) Су ішу үшін бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
3) Жаңа піскен азық-түлік өнімдерін пайдаланыңыз, сақтауға, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;