Дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлеріне және қымбат құнына қалай шағымдануға болады?

Енді пациенттер мен тұтынушылардың өздерінде DariKZ мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және препараттардың бағаларын белгілеу жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ДЗ мен МБ СҰО қосымшаны жаңартты, оның көмегімен пациенттердің өздері дәріханалардағы бағалардың асыра қойылуы туралы және дәрілік препараттарға қолайсыз реакциялар жағдайлары жөнінде хабарлама жолдай алады. Сары картада міндетті түрде төрт ақпарат мазмұндалады: пациент, дәрі, оның жағымсыз әсері туралы және ол жөнінде кім мәлімдегені туралы.