Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
2023 жылғы 21 Маусымда №15 ҚЕ қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті базасында өткен кеңеске қатысты. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, диспансерлік есепте тұрған пациенттер ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 "ҚР белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығы бойынша №15 ҚЕ, Р. Қошқарбаев даңғылы, 64, №138 кабинетте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды ала алады.
Астана қаласы «№15 Қалалық Емхана» ШЖҚ МКК тіркелуге болады.
Өтінішті www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде беруге болады, ол үшін ЭСҚ арқылы порталға кіріп, «Денсаулық сақтау» бөлімін, одан кейін «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға қосымшаны» таңдау қажет, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз және ЭСҚ арқылы қол қойыңыз.
Жеке кабинетте («Алынған қызметтердің тарихы» бөлімінде) 24 сағат ішінде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқыңыз.
Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.
Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру адамға ауру жануарлардан беріледі. Олардың ішіндегі ауруға ең сезімталы – ұсақ және ірі қара малдар, түйелер, жылқылар және басқа да шөпқоректілер болып келеді.
Қазіргі уақытта сібір жарасының пайда болу факторларының бірі – күннің қатты ысып кетуі, табиғи азықтың жетіспеушілігі, жануарларды тыйым салынған жерлерде жаю болуы мүмкін. Жануарлар сібір жарасы спораларын шөптермен және өсімдік тамырларымен бірге топырақты жеу арқылы жұқтыруы мүмкін. Адам өз кезегінде – ауру жануарларға күтім жасағанда, оны сойғанда, тұтас етін бөлшектегенде, мәйіттерді көмгенде, мал шаруашылығы өнімдерімен байланыста болған кезде жұқтыруы мүмкін.