Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ БІРІНШІ ТРИМЕСТРДІҢ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ:
- күніне 8-10 реттен көп құсу
- жыныс жолдарынан дақтар
- іштің немесе бүйірдің қатты ауыруы. Басында ауырсыну күңгірт болуы мүмкін, содан кейін күшейе бастайды.
ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕКІНШІ ТРИМЕСТРІНДЕ ДЕРЕУ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ БЕЛГІЛЕР:
- тұрақты немесе өткір бас ауруы
- көру қабілетінің нашарлауы немесе көздің алдында қара нүктелердің жыпылықтауы ("шыбындар")
- байқалатын немесе кенеттен пайда болатын және тез өсетін ісіну
- жыныс жолдарынан дақтар
- іштің қатты, тоқтаусыз ауыруы
МӘМС-те стоматологиялық көмекті барлық азаматтар пайдалана алмайды. Халықтың неғұрлым осал топтарының санаттары Денсаулық сақтау министрінің № 106 бұйрығында бекітілген.
Шұғыл стоматологиялық көмек алуға болады:
1. 18 жасқа дейінгі балалар;
2. Жүкті әйелдер;
3. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4. 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
5. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Дерматомикоз - микроскопиялық саңырауқұлақтардан туындайтын жұқпалы тері ауруы. Зақымданған жер дөңгелектеніп келеді, аурудан шаш, тері және тырнақ зақымдалады. Микроб түскен құйқаға көкшіл-құрғақ қабыршақ түзіліп, кейіннен ол тұтасып кетеді, қоңыр тартып, кедір-бұдырланып үгітіліп бастайды. Жалпы көрінісі тері астында майысқан құрттарды еске түсіреді (осыған байланысты ағылшын аты шыққан- «ringworm»).
Микоздық инфекция (саңырауқұлақтар қоздырған инфекцияны) қалай жұқтырып алуға болады?
Микоздық инфекция байланыс арқылы жұғады. Микоздық инфекцияның кейбір түрлері ылғалды жерлерде мекендейді, мысалы: қоғамдық душтың, моншаның немесе шешінетін бөлменің едендеріңде. Саңырауқұлақша дертін қырма теміреткі түріндегі дерматомикоз формасымен азап шегіп жүрген үй жануарларынан да жұқтырып алуға болады.
Дерматомикоз ауруының алдың алу
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жаңа мөлшері бекітілуіне байланысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.
Сонымен, биыл МӘМС-ке қанша төлейміз? МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады? Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебені қалай тексереді? - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының өкілдері барлық санаттағы төлемшілер төлейтін МӘМС жарналары туралы түсіндіріп берді.
Жұмыс берушілер – 3%
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударым жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ-дан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.