2024 жылғы 4 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында №15 Қалалық емханада тыл еңбеккерлеріне арналған Ашық есік күні өтті.
Науқастар геронтолог, кардиолог және эндокринологтың кеңесін алды, қан қысымын, қандағы қантты және зәр қышқылы деңгейін өлшеді.
Емханада мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі. Біздің жаңалықтар арнасын қадағалаңыз, біз пациенттерімізді алдын ала хабардар етеміз.