Жоғары сынып оқушыларына дәріс өтті

Еуропалық иммундау апталығы аясында №86 мектеп-гимназиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Бином мектебінде №15 Қалалық емхана қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына «Жұқпалы аурулардың алдын алудағы иммундау шараларының маңызы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға дейін және одан кейін 200-ден астам жоғары сынып оқушыларының иммундау туралы алған білім деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: өз денсаулығын сақтау үшін уақытылы иммундау маңыздылығы туралы ақпараттандыру.

  • 01
  • 02
  • 03