Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Президент:
«Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды. Барлық жауапкершілік әкімдерге жүктеледі.
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Көптеген адамдар жабайы жануарларды немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандыруды жақсы көреді. Алайда, бұл құтыру инфекциясына байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Құтыру ауруы дегеніміз - жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауру. Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтыру вирусы (Neuroryctes rabid) микровирустар Rhabdoviridae тобына жатады. Вирус сілекейде, жаста және зәрде кездеседі. Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары да үй жануарларыда жатады. Дала жыртқыштарына мыналар: қасқыр, түлкі, жарқанат, борсық, кеміргіштер және т.б жатса, үй жанурларына-ит,мысық,жылқы,доңыз және ұсақ немесе ірі қара малдар жатады.
Қаңғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіптісі болып табылады. Вирусты жұқтырған жануарды көптеп сілекей және жастың бөлінуінен,сонымен қатар судан қорқу белгілерімен ажыратуға болады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады.
26 наурызда Бүкіл әлемде "күлгін күн" өтеді. Бұл эпилепсия ауру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жыл сайынғы халықаралық шара.
Эпилепсия – құрысу ұстамаларымен (бұлшық еттің еріксіз жиырылуы) қосарланатын мидың белсенділігінің бұзылысы. Ауруға қайталанатын ұстамалар тән. Бұл ұстамалар дененің қандай да бір бөлігінің қысқа мерзімді еріксіз құрысуы түрінде (парциалдық құрысу) немесе бүкіл дене бойы (жалпы құрысу) және кейде естен танумен және ішек немесе қуық қызметін бақылауды жоғалтумен қосарланады. Бұл көріністер ми жасушалары тобында артық электр зарядтарының нәтижесі. Мұндай зарядтар мидың түрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Ұстамалар естегі аздаған жоғалту немес бұлшық ет түйілуі, немесе ауыр, ұзақ конвульсия ретінде болады. Ұстамалар жиілігі бойынша ажыратылады, жылына бір реттен сирек немесе күніне бірнеше рет болуы мүмкін.