Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
26 наурызда Бүкіл әлемде "күлгін күн" өтеді. Бұл эпилепсия ауру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жыл сайынғы халықаралық шара.
Эпилепсия – құрысу ұстамаларымен (бұлшық еттің еріксіз жиырылуы) қосарланатын мидың белсенділігінің бұзылысы. Ауруға қайталанатын ұстамалар тән. Бұл ұстамалар дененің қандай да бір бөлігінің қысқа мерзімді еріксіз құрысуы түрінде (парциалдық құрысу) немесе бүкіл дене бойы (жалпы құрысу) және кейде естен танумен және ішек немесе қуық қызметін бақылауды жоғалтумен қосарланады. Бұл көріністер ми жасушалары тобында артық электр зарядтарының нәтижесі. Мұндай зарядтар мидың түрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Ұстамалар естегі аздаған жоғалту немес бұлшық ет түйілуі, немесе ауыр, ұзақ конвульсия ретінде болады. Ұстамалар жиілігі бойынша ажыратылады, жылына бір реттен сирек немесе күніне бірнеше рет болуы мүмкін.
Эпилепсия кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 5 - 20 жас аралығында болады. Әдетте, науқастарда эпилепсиямен ауырудың отбасылық тарихы болады. Эпилепсия мидың ауруы немесе зақымдануы нәтижесінде, кейде белгісіз себепті пайда болуы мүмкін.
Эпилепсияның кең таралған себептері:
мидың туа біткен мәселесі (мидың туа біткен ақауы);
Мидың босану кезіндегі жарақаты;
Заттек алмасуының туа біткен бұзылыстары (мысалы, фенилкетонурия);
бассүйек-ми жарақаты; Инфекциялар, оның ішінде, мидың абсцессі, менингит, энцефалит, ЖИТС(СПИД);
Инсульт;
мидың ісігі;
мидағы ақаулы қантамырларының болуы ми тінінің зақымдануына немесе бұзылуына апарған басқа ауру;
кейбір дәрі препараттарын қолдану, оның ішінде, антидепрессанттар, кокаин, амфетамин;
Деменция (қарттық естен адасу), Альцгеймер ауруы.
Өзгерістер нәтижесінде мидың тінінде жоғары қозғыштық ошағы қалыптасады, ми бүкіл денеге жалған сигнал (импульстер) жібереді. Бұл кезеңді, болжанбайтын эпилепсия ұстамасына апарады. Жалғыз құрысу ұстамасы, әдетте, науқаста эпилепсия болуын білдірмейді.