Абайлаңыз, тиін!

Көптеген адамдар жабайы жануарларды немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандыруды жақсы көреді. Алайда, бұл құтыру инфекциясына байланысты қауіпті болуы мүмкін.

Құтыру ауруы дегеніміз - жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауру. Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтыру вирусы (Neuroryctes rabid) микровирустар Rhabdoviridae тобына жатады. Вирус сілекейде, жаста және зәрде кездеседі. Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары да үй жануарларыда жатады. Дала жыртқыштарына мыналар: қасқыр, түлкі, жарқанат, борсық, кеміргіштер және т.б жатса, үй жанурларына-ит,мысық,жылқы,доңыз және ұсақ немесе ірі қара малдар жатады.

Қаңғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіптісі болып табылады. Вирусты жұқтырған жануарды көптеп сілекей және жастың бөлінуінен,сонымен қатар судан қорқу белгілерімен ажыратуға болады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады.

 

Аурудың 3 сатысы бар: I - бастапқы, II - қозу, III - салдану. Бірінші кезеңде әлсіздік, бас ауруы, дене температурасының шамалы көтерілуі, бұлшықеттің ауыруы,ауздың құрғауы, тәбеттің төмендеуі, тамақ ауруы, құрғақ жөтел, бас айналу және құсу болуы мүмкін. Тістеп алған жерде күйіп ауру сезімі,қызару,қышу және сезімталдықтың жоғарлауы болады.

Науқас өз-өзінен қорқу сезіміне, күйзеліске, депресиияға ұшырайды, сонымен қатар галлюцинация, ұйқысыздық мазалайды. Құтырумен ауыратын науқаста 1-3 күннен кейін аурудың II сатысы қозу сатысы басталады. Бұл кезеңде мазасыздық, уайымшылдық және осы кезеңнің негізгі белгісі судан қорққыштық болады. Судың даусы естілгенде немесе суды ішейін деп ұмтылғанда науқастың тамағындағы бұлшық еттер жиырылып спазмға ұшырайды. Онымен бірге ауырсыну сезімі және дененің тартылуы қатарласады. Науқас қозған шағында қатты айғайлайды, үй жиһаздарын сындырады, өзін-өзі ұстай алмай адамдарға тиседі.

Аурудың шамамен ұзақтығы 1 аптаны құрайды. Құтыру ауруының емдеу тәсілдері жоқ. Егер науқаста аурудың 1 кезеңі болып жатса онда аурудың өліммен аяқталуы біршама жоғары. Алайда әлемде құтыру ауруынан жазылған адамдарда бар бірақ өте аз.

Дегенмен аурудың алдын алатын мүмкіндік бар, ол - вакцинация. Бұл әдісті жануар тістеп алған күннен бастап 14 күн өткенше алу керек. Осы аурумен ауруға жақын адамдар (мал дәрігері, кинологтар, аңшылар ) алдын ала вакцинаны қабылдау жүру керек. Олар бірінші вакцинадан кейін 12 айдан соң қайталап алады, сосын әр 5 жыл сайын вакцинаны қабылдап отырады.

Егер сізді қандай да бір жануар тістеп алса не істеу керек? Ең алдымен тістеп алған орынды тез арада сабынмен жақсылап 10 минут көлемінде жуу керек. Егер тістеген орын терең орналасса онда сұйық сабынмен, шприцпен немесе катетермен жуған дұрыс. Жараны күйдіруге, тігуге болмайды.

Осындан кейін жақын маңдағы медициналық мекемеге қаралу керек,себебі вакцинаны тез қабылдаған ауруды тез жеңуге көмектеседі.