Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-ға 2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу науқаны басталады.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 «Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» ережелеріне сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК  2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап  азаматтарды медициналық ұйымға  тіркеу басталатыны жайлы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК азаматтарды тіркеу  олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша сонымен қатар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту, бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

Менингококтық жұқпа

 

 

 

Менингококтық жұқпа (инфекция) – бұл менингококк  қоздыратын ауру, іріңді менингит түрінде де болуы мүмкін.

Себебі.  Жұқпаның (инфекцияның) таратушысы ауру адам немесе менингококк иесі  сау адам.

Таралу жолдары - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру  адаммен тығыз қарым-қатынаста  болады. 70% жағдайда  менингококкты  жұқтыру 0,5 м-ден кем қашықтықта жұғатаны дәлелденген.

Көбінесе балалар ауырады.  Аурудың кезеңдік көтерілуі 10 жыл интервалмен, әсіресе қысқы-көктемгі айларда ауру саны артады.

Аурудың даму процесі. Инфекциялық ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады  Егер де жұқпа енген жерде  айқын реакция болмаса, онда ол менинкокк таратушы болып шектелуі мүмкін.  Егер де жұқпа енген жерлерде қабыну процесі дамыса, онда ол назофарингит (суық тию, тамағы қышу) түрінде болуы мүмкін. Менингококк адамдардың 5% көптеген орындарды бұзады және барлық ағзаға тарайды.

Аурудан жазылғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Менингококтық жұқпа

Менингококтық  жұқпа (инфекция)–бұл жіті жұқпалы ауру, Neisseria meningitidis-бактерия оның қоздырғышы  болып табылады. Менингококтық  жұқпаның (инфекцияның) ауырлығы аурудың жеңіл түрі назофарингиттен бірнеше сағат ішінде өлім-жітімге әкеп соқтыратын аурудың жедел ауыр түрі сепсиске (жұқпалы аурудың ағзаға кенеттен  жайылуы) айналады.

Ауру ауа-тамшылы жолы (жөтелу, түшкіру, сөйлесу) арқылы таралады. Менингиттің алғашқы белгілері бөлек емес, әдеттегі суық тиюдің белгілеріне ұқсас (қызу көтерілу, бас ауыру). Аурудың егжей-тегжейлі белгілері пайда болғанда, медициналық көмекке дер уақытында жүгінбесе, өлімге әкеліп соғу 50%-дан астам  құрайды.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ