2018 жылғы 2 наурызда Астананың орталық Мәдениет және демалыс паркінің аумағында «Астана» skiclub шаңғы клубында, ШЖҚ «Ниет» ОДО» МКК қызметкерлері медициналық ұйымдар арасында ұйымдастырылған шаңғы жарысына белсене қатысты. Әйелдер үшін аралық - 1000 метрді, ерлер үшін – 2000 метрді құрады. Жарыс еркін стилде арнайы бөлінген тас жолда өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында 1, 2, 3 орындар бөліске түсті.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»
28 ақпан 2018 жылы № 57 орта мектебінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» (МӘМС) тақырыбында семинар өткізілді. Қатысушылар саны – 25 адам. Ұйымдастырушылар: «Ниет» отбасылық денсаулық орталығының статистик дәрігерлері және менеджер.
26.02.2018 ж. әлеуметтік қызметкерлер «Бала күтіміндегі демалыс 2018 және Қазақстандағы балаларға жәрдемақы. Қазақстандағы жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар, ҚР заңнамаларындағы өзгерістер» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Барлық жүкті әйелдер, жұмыс істесе де, істемесе де, жеңілдіктер мен жәрдемақылар алуға құқылы. Қаржылай көмекке мемлекет кепілдік береді, дегенмен бұл көмектің көлемі әйелдердің ресми жұмысқа орналасуына байланысты беріледі. Жүкті әйелдерге қандай жәрдемақылар төленеді және оларды алу үшін не қажет?
Бала туу бойынша жәрдемақы – бұл жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға әлеуметтік көмек . Толық ақпаратты біздің сайттан http://niet-astana.kz ала аласыздар.
Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.