Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарна ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы мөлшерінде белгіленді, бұл салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған ЖК-ді қоспағанда, кез келген ЖК үшін айына 2 975 теңгені құрайды.

Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеу бойынша міндеттеме жеке тұлғалар үшін — ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде (2 125 теңге) пайда болады.

Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, онда ол бәрібір өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, өйткені мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.

МӘМС жүйесін 100% қалай пайдаланыға болады?

1 қаңтардан бастап 1406 call-center 24/7 режимінде жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде азаматтардан 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

МӘМС ешкімді де қалдырмаған, сондықтан медициналық сақтандыру дегеніміз не, ол немен тиімді және қандай мүмкіндік беретіндігін түсіну маңызды.

Ал сіз МӘМС-тің не екенін және медициналық сақтандыру бойынша қалай емделу керектігін түсіндіңіз бе? Егер жоқ болса, барлық жауаптарды жоба порталынан таба аласыз: https://sp.zakon.kz/

«Біз біргеміз» акциясы аясында қарды тазалу бойынша көмек көрсетілді

Бүгін «Ниет» отбасылық медицина орталығы ұжымымен «Біз біргеміз» акциясы аясында «Промылшенный» ТА қарт адамдарына ауладағы қарды тазалу бойынша көмек көрсетілді! Бірлік болмай тірлік болмас! Біз біргеміз!!!

Қытайда коронавирус өршуде

Коронавирустың симптомдары