COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырып шыққандарға оңалту көмегін қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР DSM-116/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырып шыққан науқастар әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметін ала алады.

Тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуына жол бермеу, мазасыздық пен күйзеліс белгілерін жоюға бағытталған қалпына келтіру шаралар кешені ауруханаға жатқызу кезеңінде басталады. Көрсетілім болған жағдайда, медициналық ұйымдарға жүгінбей үйде емделген азаматтар да оңалту еміне жүгіне алады.

Оңалту курсы әр науқасқа жеке, ағза ерекшеліктері мен қатар жүретін ауруларын ескере отырып таңдалады.