Эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік МӘМС үшін жеңілдетілген төлем мерзімін 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартты

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік МӘМС үшін жеңілдетілген төлем мерзімін 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартты. Бұл дегеніміз, барлық қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды төлеуге қарамастан, МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Яғни, 1 шілдеге дейін барлық медициналық қызметтер әр адамға ТМККК және МӘМС – бірден екі пакетте тегін және толық көлемде көрсетіледі.

Алайда, бұл кезең кейінге қалдырылған кезең болып табылмайды және төлеушілерді міндетті ай сайынғы төлемдерден босатпайды. Егер тұлға жеңілдік мерзімі өткеннен кейін, төленбеген айлар үшін МӘМС-ке жарналар жүргізбесе және медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмаса, онда ол сақтандырылмаған болып саналады және медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шегінде ғана ала алады.

Жүйеге одан әрі қатысу және сақтандырылған мәртебені алу үшін, ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезең, яғни МӘМС пакетін пайдаланған 6 ай үшін, МӘМС-ке жарна жасау қажет.

МӘМС: Медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді

МӘМС жүйесіндегі жеңілдік жасалған кезең 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл өзгерістің халыққа пайдасы бар ма, төтенше жағдай жарияланған кезде отандық кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалды, осы сұрақтарға толығырақ Қордың сараптама және болжау департаментінің аға менеджері Ақтолқын Сұлтанова жауап берді.
ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛҒАН КЕЗЕҢ
Бұл кезеңде ел азаматтары МӘМС Қорына аударымдар мен жарна төлеген-төлемегеніне қарамастан, жаппай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Яғни, 1 шілдеге дейін әрбір адамға ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтер тегін және толық көлемде көрсетіледі.
Алайда, азаматтар мен жұмыс берушілер ай сайын міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Егер адам қандай да бір себептермен медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін төлем жасай алмаса, жеңілдік кезеңі өткеннен кейін ол сақтандырылмаған болып есептеледі және медициналық қызметтерді тек бір пакетте – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ғана ала алады. Жүйеге әріқарай қатысып, сақтандырылған мәртебесін алу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, яғни МӘМС пакеті бойынша пайдаланылған қызметтердің 6 айлық ақысын төлеу қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp чат-ботты іске қосты

Тегін қызмет көрсету арқылы қазақстандықтар коронавирустық инфекция туралы кез келген сұрақ қоя алады. Чат-ботта нақты, сенімді әрі өзекті ақпарат жинақталған, бұл ел тұрғындарына коронавирус туралы жиі кездесетін сұрақтарға тәулік бойы жауап алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат қызметін пайдалану үшін:

1) смартфонның контактілерінде +7 705 812 69 67 нөмірін сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесі арқылы өтуіңіз;

2) Кейін де ақпарат алу үшін WhatsApp нөміріне кез келген мәтіндік хабарлама жіберіңіз.

16 млн астам қазақстандықтар МӘМС жүйесінде қатысады

Сақтандыруы жоқ Қазақстан азаматтарының 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ұзарту құқықтарына ие болғаны белгілі. Осы кезеңде барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. 2,5 млн аса адам үшін мемлекеттің қолдауы осындай.

Қазір Қазақстанда 16,4 млн адам сақтандырылған болып табылады. Оның ішінде 11 млн–ы мемлекет жарна төлейтін әлеуметтік жағынан осал азаматтар. Осылайша, ел халқының жартысынан астамы автоматты түрде сақтандырылған.

Ал сіз МӘМС қатысушысы болып табыласыз ба?

Өз мәртебеңізді медициналық сақтандыру жүйесінде тексеруге болады: www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша, аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде немесе SaqtandyryBot – телеграмм ботты пайдалану арқылы.

Мемлекеттік қызмет "Бала туу"