Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі

Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот «сақтандырылмаған» деп көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз.

Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды.

Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды.

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);

- Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);

COVID 19: Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

УАҚЫТША САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?

Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.

Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:

· 1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;

Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз

Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады. Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).

Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.

· Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;

· Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;

· Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;