ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді.
«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша бас тартуға құқылы.
Ал 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі.
Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталады және келесі тәртіп бойынша жүргізіледі.
- I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі (РҚТБ), медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК), ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам - 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап;
- II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының (АООО), жоғары оқу орындарының (ЖОО) педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам – ағымдағы жылғы наурыздан бастап;
- III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері (БМДМ) педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам - ағымдағы жылғы сәуірден бастап;
- IV кезең – Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ), Қорғанысмині, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам - ағымдағы жылғы мамырдан бастап;
- V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам ағымдағы жылғы маусымнан бастап;
- VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам ағымдағы жылғы шілде айынан желтоқсанға дейін.
Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн.қазақстандыққа вакцина егу жоспарлануда.
Вакцинация вакцинаға бағынатын инфекцияға қарсы күресте тиімді, үнемді және қолжетімді жалғыз құрал. Вакцинацияның баламасы - оқшаулану және карантин, біз бұған коронавирус инфекциясымен күресте жақсы көз жеткіздік.
Вакцинация нәтижесінде инфекциядан тиімді қорғайтын және індет жұқтыру, сырқаттану қаупін төмендететін нақты иммундық реакция пайда болады.
Жаппай иммундау нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда мына аурулардың деңгейі төмендеді:
- қызылша - 56 еседен астам;
- эпидемиялық паротит - 119 еседен астам;
- «В» вирустық гепатиті тұрғындар арасында 34.7 есе, ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 262 есе (ВВГ-ға қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді);
- көкжөтелге шалдыққандар саны тұрақты түрде төмен, дифтерия, сіреспенің жекелеген жағдайы кездеседі.