COVID-19 және ЖАСТАР! ӨЗІҢДІ ҚОРҒА!

Жергілікті денсаулық сақтау органдары ұсынған  COVID-19 қажетті сақтану шараларын толық ұстаныңыз!

  • Қолыңызды сабындап жиі жуыңыз
  • Масканы дұрыс киіңіз
  • Арақашықтықты сақтаңыз
  • Жөтелу және түшкіру этикетін ұстаныңыз 
  • Ауырған жағдайда үйде болыңыз 
ӨЗІҢДІ ҚОРҒА
  • Өз өміріңізге қауіп төндірме. 
  • Қажет болса, үйде бол. Достарыңмен онлайн немесе телефон арқылы сөйлес.

Назар! Вакцинация жалғасуда!

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

Бүгін, 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге ерекше қажеттіліктері бар 35 бала және көп балалы отбасылардан шыққан балалар шақырылды. Балаларға ойын-сауық ойындары, асфальтқа сурет салу, би билеу, аниматорлармен шоу ұйымдастырылды. Қонақтарымызға СӨС дәрігерінің салған аквагримы өте ұнады.

Іс-шара 15 Қалалық емхана кәсіподақ комитетінің қайырымдылық акциясы аясында өткізілді. Іс-шараға "Промышленный" тұрғын алабынан барлығы 50-ден астам адам қатысты.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні»

МӘМС жүйесіндегі стоматологиялық көмек туралы

МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге көрсетіледі.

МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар ала алады.

Ортодонтиялық көмек тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі.