КОРОНВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Вакцинация тұратын жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді.
Дәрігер медициналық тексеру жүргізеді – дене қызуын, қан қысымын, сатурация және т.б. өлшейді.
Вакцинациядан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз.
Сізге вакцинациядан кейін өзіңізді нашар сезінген жағдайда қай жерге бару туралы ақпарат көрсетілген парақ беріледі.
Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакцинациядан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакцинациялау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тәуліктің ішінде келеді.
ВАКЦИНАЦИЯҒА ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?
КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт қажет.
10 минут
Екпе алудың алдында дәрігердің тексеруінен өту қажет.
15 минут
Препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек.
30 минут
Екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакцинациялау күні, вакцина атауы көрсетілген және дәрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.