Біздің клиникада жүкті пациенттермен ана сүтімен емізудің пайдасы туралы сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Мұндай сабақтар әсіресе босануға алғаш дайындалатын пациенттер үшін пайдалы және қажет.
Ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингін ұйымдастыру.
Аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі.
Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг.
- екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.