Қазақстан Республикасында жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасының 13, 14, 15, 16-тармақтарын орындау мақсатында атқарылған ақпараттық-ағарту жұмысы туралы хабарлаймыз:
1) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және мектептерде жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың профилактикасы бойынша оқу сабақтары өткізілді;
2) жарақаттанудың алдын алу және алғашқы көмек көрсету тақырыптары бойынша оқыту семинарлары ұймдастырылды;
3) балалардың құқықтары туралы, жауапты ата-ананы насихаттау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тақырыптық буклеттер таратылды;
4) қауіпсіз жүргізу және жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету тақырыптары бойынша жүргізушілерді оқыту бойынша семинар-тренинг өткізілді.