Сүт безі обыры бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады.
ДДҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес оныменижер шарындағы әрбір сегізінші әйел ауырады.
Қазақстанда тек 2023 жылы сүт безі обырының 5,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. Бір жылдың ішінде бұл аурудан болатын өлім 1 мыңнан астам жағдайды құрады.
Сонымен қатар, сүт безі обырын ерте кезеңде уақтылы диагностикалау кезінде әйелдердің толық емделуі 95%-ға жетеді.
Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обырына маммологиялық скринингтен өтуі керек.
МӘМС шеңберінде тегін онкоскринингті тіркелген жері бойынша емханалардан өтуге болады.
Тіркеу телефоны:
87172266414
87172266415
87716101002