Республика күні қарсаңында №15 емхана қызметкерлері - учаскелік медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог - тыл еңбеккері Нағима Мырзабаеваға (1936 жылы туған) сыйлық апарып, уақыт бөліп, шын жүректен сөйлесті. 2018 жылы оған Ақмола облысы Сандықтау ауданының 90 жылдығына орай «Өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Әже - көп балалы ана, 13 немересі бар.
Салауатты өмір салтын насихаттау аясында біздің емхана туберкулез бойынша пациенттермен жұмыс істеу әлеуетін арттыру, халықтың негізгі топтарына туберкулезге қарсы көмек көрсету бойынша семинар-тренингке қатыстық. Тренинг соңында біздің дәрігер Зиедахон Искакова және медбике Тазагуль Уаисова оның өткендігі туралы сертификат алды.
Біздің пациенттерге техникалық себептерге байланысты № 15 қалалық емхананың тіркеу телефондары жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түсінгені үшін пациенттерге алғыс айтамыз. Біз қазіргі уақытта қоңырау шалуға болатын нөмірлерді жариялаймыз.
БІЗГЕ ЖИІ СҰРАҚ ҚОЙЫЛАДЫ: "ЕГЕР МЕН МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАСАМ, БІРАҚ МЕНДЕ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ/ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУ/ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ Т.Б.. БОЛСА, МЕНІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКСІЗ ҚАЛДЫРУ МҮМКІН БЕ?"
БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ: "ЖОҚ!".