Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алқасының қаулысының орындалуын қадалағау бойынша қалалық фтизиопульмонология орталығы медициналық ұйымдарды аралап шықты.
Туберкулез бойынша 2022 жылдың қорытындысына арналған Медициналық кеңес бүгін біздің емханада өтті.
Туберкулез жөніндегі біздің үйлестірушіміз, фтизиатр және фтизиопедиатр 2022 жыл бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бағалай отырып, презентациялар дайындады. Проблемалық мәселелер айқындалып, ұсыныстар берілді. Медициналық кеңес достық жағдайда өтті. Мақсаттар белгіленіп, міндеттер қойылды.
Айта кетейік, туберкулезді емдеудің тиімділігі бойынша Қазақстан әлемнің жетекші 4 елінің қатарына кіреді. Осыған сүйене отырып, сіз өзіңіздің дәрігеріңізді тыңдап, емдеу бағдарламасынан шегінбеуіңіз керек деген қорытынды жасауға болады.
Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 4,2 есеге, өлім-жітім көрсеткіші 15,5 есеге, 15 жасқа дейінгі балалардың туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 10 есеге төмендеді.
Бірақ қол қусырып отыруға болмайды. ДДҰ соңғы бағалаулары бойынша әлемде жыл сайын 9,9 млн астам адам туберкулезбен ауырады және осы аурудан 1,5 млн адам қайтыс болады екен.