2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АДАМНЫҢ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯСЫН (ПВВ) БАСТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Адамның папиллома вирусына қарсы вакцинациясы 2024-2025 ж.ж. Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасында обыр ауруларымен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекіту туралы" қаулыда айтылған.

Жатыр мойны обырының барлық дерлік жағдайлары және бас пен мойынның барлық ісіктерінің шамамен 70% ПВВ инфекциясынан туындайды, сондықтан бұл аурудың алдын алуда вакцинация шешуші орын алады.



Кешенді жоспарға сәйкес, 2024-2025 жылдары 11 жастағы қыздарды (нысаналы топтың кемінде 95%) ПВВ қарсы егу жоспарлануда.

Ойланып көріңіз: тек 2013 жылдан бастап Қазақстанда 4359 әйел жатыр мойнының обырынан қайтыс болған. ПВВ жұқтыру денемен жақындасу, сүйісу немесе жыныстық қатынас арқылы жүреді. Сондықтан барып вакцинациялауды жыныстық қатынас өмірі басталғанға дейін жасауға тырысады.

ПВВ инфекциясы жатыр мойны, бас, мойын, тік ішек, қынап және т.б. мүшелерде қатерлі ісік пайда болуын туындатады. Кейбір елдерде қыздарға ғана емес, ұлдарға да екпе жасалынады.