Көрісу Кунi құтты болсын!

Сауалнама

Ағзалар мен тіндердің ерікті донорлығын дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын іске асыру шеңберінде Сізден ағзалық донорлық мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.

Дүниежүзілік бүйрек күні

Бүгін, 9 наурызда біз Дүниежүзілік бүйрек күнін атап өтеміз #worldkidneyday Бүйрек күні жыл сайын наурыздың екінші бейсенбісінде, 2006 жылдан бастап өткізіледі, бұл күннің мақсаты - бүйректің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық-түсіндіру науқаны. 2012 жылдан бастап Қазақстанда тірі және қайтыс болғаннан кейінгі донордан 1722 бүйрек трансплантациясы жасалды. Қазіргі уақытта күту парағында 3747 адам тұр, оның ішінде 3336 ересек адам және 62 бала бүйректі ауыстырып салуға мұқтаж.

БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ 6 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

Бірыңғай жиынтық төлем туралы нені білу керек?

Сақтандыру мәртебесін жоғалтып алмау үшін оны қалай дұрыс төлеу қажет?

3 наурыз - Дүниежүзілік есту күні

СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА МӘМС ЕСЕБІНЕН КЕРЕҢДІКТІҢ АУЫР ТҮРІНЕ ШАЛДЫҚҚАН

700-ден астам адам қымбат медициналық көмекке қол жеткізді

Өткен жылы кереңдіктің ауыр түріне шалдыққан 432 науқасқа имплантациялық ота жасалды. Оның ішінде 380 бала мен 52 ересек адамға.

2021 жылы кохлеарлық имплантация 277 науқасқа жасалған.

Кохлеарлық имплантация-пациенттің ішкі құлағына электронды имплантты енгізуге арналған, содан кейін есту-сөйлеу реабилитациясы жүргізілетін хирургиялық ота. Бұл бүгінде МӘМС есебінен сақтандырылған пациенттерге қолжетімді қымбат ота болып табылады.